RU

Ерболат Құдайберген патриоттық әндерді доғарып, тойда "өтетін" әндерін көбейтіп жатыр

"Мен қазақпын", "Біздің жігіттер" әндерімен танымал болған Ерболат Құдайбергенов патриоттық әндерден бас тартып, той-томалақта жиі орындалатын әндерді орындауға көшті.

Бұл туралы әнші НТК арнасындағы Ревю бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

"Бұдан былай көңіл көтеретін, корпоративтер мен тойларда орта буын өкілдеріне арналған әндер айтқым келеді. Коммерциялық көзқарас болсын, халыққа ұнасын деген себеппен "Робот емеспін", "Сүрбойдақ" деген сияқты әндер жазылып жатыр", - дейді әнші.

Сонымен қатар, танымал рэпер телеарналардан көрінбей кетуінің себебін жұмысы көп, ал уақыты тым аздығымен байланыстырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1062804-erbolat-qudaybergen-patriottyq-ande/