RU

Қайрат Нұртас концертінің Қостанайдағы жарнамасы күлкіге қалды (фото)

Қайрат Нұртас 17 наурыз күні Қостанай қаласында концерт бермекші. Алайда, отандық жұлдыздың концертін ұйымдастырушылар хабарландыруда қателікке бой алдырған деп жазады NUR.KZ.

Жарнамада Қайраттың концерті Өмірзақ атындағы филармонияда өтетінін көрсетілген. Алайда, облыстық филармония ресми түрде Елубай Өмірзақовтың атымен аталады.

Жарнама қағазына негізінен Қайрат Нұртасты ғана сыйдыруды көздеген ұйымдастырушылар филармонияға есімі берілген адамның атын жазуды ұмытып кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1063362-qayrat-nurtas-koncertininh-qostanayd/