RU

Ләйлә Сұлтанқызы елдің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді

Қазақстанның танымал жүргізушілерінің бірі Ләйлә Сұлтанқызы өзіне көрермендер, оқырмандар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Өте жиі қойылатын сұрақтарыңызға жауап берсем деп шештім (шынайы жауап беруге тырысамын) деп жазды жүргізуші өзінің Instagram парақшасында.

1. Менің салмағым шынында да 86 кг болды. Қазір 61. Бұл нәтиже - тек дұрыс тамақтану мен спорттың арқасы. Байқасаңыз "идеал"емес. Өзіме ыңғайлы, әзірге. Әзірге дейтінім, артық бірнәрсе жесем таңертең таразыда бірден көрінеді. Сол себепті, аптасына 1 рет "разгрузка" жасаймын. Дұрыс жасамасаңыз, талып қалуыңыз мүмкін (өзімде жиі болған).

2. Менің толық жасым... 39-ға желтоқсанда толамын.

3. Балаларымның әкесі бар. Өзі туралы айтқызбайды, мен де айтқым келмейді. Алдында отбасы болған. Өткенін құрметтеймін, балалары мен келіндермен араласамын.

4. Әйел ретінде мен де тура сіздегідей проблема болады. Түсінбестік, ұрыс, реніш... Ақылмен шешуге тырысамын.

5. Бес сағаттан артық ұйықтамаймын.

6. Бет күтіміне ерекше мән беремін. Биоревитализация, плазмолифтинг жасатамын. Ернімді үлкейткен жоқпын.

7. Аяғым ауыр емес. Бірақ, қыз балалы болуды армандаймын. Денсаулығым "аттай" (тіл-көзден), Құдай бермей жатқан шығар.

8. Мен сүйемін, сүйіктімін де...(тіл-көзден). Өзімді де жақсы көремін.

9. Көлікті өзім жүргіземін. BMW X6

10. Шашымның түсі қоңыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1066482-layla-sultanqyzy-eldinh-kokeyinde-zhur/