RU

"Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы тұрмыс құрып, продюсер атанды

“Қазақ аруы-2012” байқауының жеңімпазы Айғаным Өтепбергенова продюсерлікпен қатар бизнес саласын қатар алуды жөн көріпті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның бастамасымен биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған “Қазақ аруы” байқауына еліміздің көркі мен ақылы үйлескен сұлу қыздары қатысады. Олардың әрқайсысы – ақыл мен тәрбиені бойына қатар сіңіріп, халқымыздың құндылықтарын ардақтай білген сұлулар.

Аталған байқауда 2011 жылы Ләззәт Қалдыбекова, 2012 жылы Айғаным Өтепбергенова, 2013 жылы Айгерім Қанатбаева, 2014 жылы Гүлназ Жоланова жеңімпаз атанған еді. Былтыр тәж Қоскелова Кәмшат Бергенқызына бұйырды.

Осы байқаудан кейін жеңімпаздардың бірі Айғаным Өтепбергенова тұрмысқа шығып, халық көзінен таса болған-ды. Алайда ару уақытты бос өткізбей продюсерлікпен айналысқан. Мұнымен қатар, “Эйфория” шоу-балетіне жетекшілік етіп, алдағы уақытта жеке бизнесін бастауды жоспарлап отыр. Ал бизнес түрінің қандай болатындығы әзірге құпия.

Бұл туралы қазақ аруы “Жүзеге асқан дүниені ғана айтқан жөн болар. Әзірге бизнестің қай саласында екенімді айтпай қоя тұрайын” деп қысқа қайырды.

Продюсердің қарамағындағы әнші Жасұлан Ақатаев жақын күндердің бірінде “Оскар” жүлдесін жеңіп алған Леонардо ДиКаприоға арнап ән шығарған екен.

“Oh Leo” деп аталатын әннің сөзін әнші өзі жазған. Мұнымен қатар, продюсер Айғаным Өтепбергенова әншінің жақында Марсель, Кенталмен бірігіп трио жазатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1067736-qazaq-aruy-bayqauynynh-zhenhimpazy-turm/