RU

"Мұзарт" әншілері Ерке Есмаханның үйінде қонақта жүр (фото)

Ақтөбеден ұшаққа отыруды жоспарлаған "Мұзарт" тобының жігіттері әнші Ерке Есмаханның үйінде қонақ болды.

"Ұшақ ұшпағаны жақсы болды негізі. Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді деген осы екен! Үйіме қонаққа келді", - деп жазды жеке парақшасына Ерке Есмахан.

Әншілер ұшаққа мініп, қайта түсуге мәжбүр болғанына еш реніш білдірмеген сыңайлы.

Мұны Еркенің "Мінген ұшақтан қайтып түстік. Дым реніш жоқ негізі" деген сөздері де растайтын секілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1068682-muzart-anshileri-erke-esmakhannynh-uyin/