Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ринат Зайытов "91" тобының кемшілігін эфирде жігіттердің бетіне басты

Опубликовано:

Ринат Зайытов "Айтуға оңай" бағдарламасында Ерболат Беделханның құрған "91" тобына қатысты пікірін жігіттердің бетіне басып айтты.

"Біз қазақи болмысымызды жоғатып бара жатырмыз, қазір бүкіл дүние жүзінде осындай аздаған ұлттарды жойып жіберу қаупі тұр. Балалардың музыкалық бағытына ешқандай дауым жоқ, бұлардың мәселесі - сыртқы болмысында. Сендер теледидар арқылы біздің бала-шағамызды тәрбиелеп отырсыңдар. Сендер қандай боласыңдар, ертең біздің бала-шағамыз да сондай болады", - деді Зайытов Q-pop стилінде өнер көрсететін "91" тобына.

"Жаңағы сіз "қатты айттыңыз" деп отырсыз, мен қайта бергі жағын айтқан шығармын. Ешқандай дауым жоқ, әлемді мойындата ма, айды мойындата ма, Марсты мойындата ма, бірақ, қазақи болмыспен мойындатуларын талап етемін, сұрамаймын да",  - деген ақынның сөзіне топ продюсері Ерболат Беделхан да өз жауабын берді.

"Қазіргі заманда Q-pop стилі агрессия шақырмайды, біз музыкантпыз. Мен оралманмын. Моңғолиядан әкем, атам қазақ болайық деп көшіп келдік. Біздің жақсылығымыз тимесе, қауымға жамандығымыз келмейді", - деді "Орда" тобының әншісі Ерболат.

Ал студияға шақырылған Роза Рымбаева "91" тобының өнерін жақтап, қазақ эстрадасына мұндай жаңашылдықтың қажет екенін сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1068934-rinat-zayytov-91-tobynynh-onerin-efirde/