RU

Ерболат Беделханның жұбайы Ринат Зайытовқа жауап берді

Әлеуметтік желіде Ерболат Беделхан мен Ринат Зайытовтың арасындағы әңгіме үлкен дауға айналды. Айтыскер ақынға Ерболаттың жары Асыл да жауап берді.

Асыл Беделхан Ринатқа арналған постын өзінің Instagram парақшасында жариялады деп жазады NUR.KZ.

Естеріңізде болса, Ринат Зайытов Ерболат Беделхан құрған "91" тобын қатты сынға алған болатын.

"Ринат Зайытовтың "Ninety one" тобының жігіттеріне айтқаны: Әкемнің әскерде түскен суреті бар. Мен ол суретті алып: "Мынау менің әкем!" деп мақтанып көрсете аламын. Ертең сендердің балаларың болады, олар: "Мынау менің әкем!", - деп көрсеткен кезде осындай түрлеріңді көрсете ме?!". Пы/сы: Бұл тек аталмыш топтың жігіттеріне ғана емес, іріп-шіріп жүрген барлық жастарға арналған деп білемін. Ойланыңыздар! Әскердегі жігіт пен сахнадағы жігіттің айырмашылығы бар. Ринат өзінің фотосын жөндеп алсын алдымен. Бір айтқан сөзі бар халыққа: "Мен арақ ішем, әйелімді жылатып тұрып қыздарға барамын деген. Енді туған балалары не дейді суретіне қарап??? Құран, қазағым деп отырған адам мұндай қылық жасағаны қалай?", - деп жазады Ерболаттың жары Асыл Беделхан.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі Ринат Зайытовты жақтап, пікір қалдырған.

Еске сала кетейік, Асыл Беделхан тұрмыс құрмай тұрып "Дауыс International" тобының құрамында өнер көрсеткен болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1069653-erbolat-bedelkhannynh-zhubayy-rinat-zay/