Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаншар" актерлері әйел образына деген құмарлықтарын түсіндірді

Опубликовано:

Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова әйел образын сомдауға құмар "Шаншар" театрының актерларын сынға алған болатын.

Қазақ дәстүрін насихаттап жүрген Зейнеп Ахметоваға сатира ұжымының айтар жауабы дайын, деп хабарлады "" rel="nofollow">Ревью" бағдарламасы.

Зейнеп Ахметова видеода айтқан сынынан "Шаншар" ұжымы да хабардар болып шықты.

“Кешегі Құдайберген көкеміз қандай әйелдердің образын жасады сахнада?! Не дейміз енді соған? Дұрыс емес деп айтамыз ба?! Неге дұрыс емес?! Әйелдер орындай алмайтын нәрсені орындап берді. Бұл – актердің шеберлігі. Талдағанда, сынағанда осы мәселесін сынасын. Әйел образын жасай алды ма анау? Жоқ, құр босқа әйелдің киімін киіп шығып, өзі мазақ болып қалды ма? Сол кезде мұны дұрыс деп санар едік”, – деп Уәлибек Әбдірайымов айтылған сынның орынсыз екенін жеткізді.

“Әзілдеу керек. Әзілдегененнен кейін соны халыққа жеткізу керек. Ол енді қазақтың келіндері мынандай болған деп сыпайы, қолына адыраспан беріп, басына орамал жауып қойсаң халық күлмейді ғой. Халықты жылату оңай, күлдіру өте қиын”, - деп ойымен бөлісті актер Ғалымжан Қатпаров.

Шымшыма әзілдерімен халық жүрегі мен көңілінен орын алып жүрген театр сынға назар аудармастан, әлі де халықты қыран-топан күлкіге қарқ қылуды мақсат тұтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1070847-shanshar-akterleri-ayel-obrazyna-degen/

pixel