Қайрат Нұртастың әкесі әйеліне бұйырып сөйлей алмайтынын жеткізді
Опубликовано:
Қайрат Нұртастың әкесі жұбайына құрметпен қарайтынын айта келіп, Қайрат Нұртастың табысты болуы анасының арқасында екенін жасырмады.
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас кезекті концерттердің бірінде жан жарына бұйырып сөйлей алмайтынын әзілмен жеткізді.
"Қазір "шәй қой" деп айта алмаймын, шәй ішеміз бе? деп сұраймын", - деп қалжыңдады әншінің әкесі.
Ән кешінен үзінді видео жариялаған Гүлзира Айдарбекова күйеуінің әзіліне орай өз пікірін жазып өтті.
“Əйелді мойындай білген еркектің өзі - нағыз еркек. Анасының қадірін білген ер азаматтар ғана, əйелін, əпке-қарындастарын қадірлей білетіні анық”, - деді Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1071846-qayrat-nurtastynh-akesi-ayeline-buyyr/