RU

Қазақстандық бойжеткен ресейлік шоуда кәрі шалмен көңіл қоспақ болды (фото)

Ресейлік «Давай поженимся» бағдарламасында жүргізуші Лариса Гузеева Қазақстаннан келген қыздан күйеужігіттің оның бөлмесіне кірмей тұрып, студиядан тезірек кетуін сұрады, деп жазады stan.kz.

 

 

Бір басында бірнеше баспанасы бар, кәсіпкерлікті қолға алған 53 жастағы бағдарлама қонағы Вадим өзін жас қыздарға лайықпын деп есептейді. Бұған бастапқыда бағдарлама жүргізушілері де келіскен. Алайда, күйеужігітпен әңгімелесу барысында, олар бұл ойынан айнып қалды.

Бағдарламада жеңге орнында отырған Роза Сябитова өзінің Вадиммен жақын қатынасқа түсуден бас тартатынын айтып қалды. Сондай-ақ, Вадимнің қант диабетімен ауыратынын айтып, өзге де ауруға шалдыққан ба деп күмәнданды.

Василиса Володина онымен ақша үшін бірге жүрген қыздарды аяды. Ал, Гузеева қазақстандық бойжеткеннен күйеужігіттің оның қолын сұрамас бұрын студиядан тезірек кетуін өтінді.

«Той кезінде жүрегіңіз жарылып кетпесе екен деймін. Сіз бізге бұдан кейін де келе аласыз. Сіз үшін көптеген жігіттер бақ сынасатын болады. Сондықтан Останкинодан тезірек кетіп қалыңыз, тіпті, бөлмеңізге де кірмеңіз. Мен күйеужігітті ұстап тұрамын», – деп Гузеева бойжеткенді жасы үлкен күйеужігіттен қорғап қалмақ болды.

Алайда, Вера есімді бойжеткен олай істемейтінін айтты. Өйткені күйеужігіт оның көңілінен шыққан көрінеді. Бағдарлама барысында Вера тек тұрмыстағы күйеуімен ғана жақын қатынаста болуды қалайтынын сөз еткен. Қыз осындай құрметке Вадимді лайық деп санапты.

Бірақ, соңында күйеужігіт үш қалыңдықтың ешбірін таңдамаған. Ол өзінің соңғы кезде ренжісіп қалған 18 жастағы құрбысымен арадағы қатынасын жалғастырамын деп шешкен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1073084-kazakstandyk-bojzhetken-resejlik-shouda-keri-shalmen-konil-kospak-boldy-foto/