RU

Ерке Есмаханның көйлегін көрген жұрт таңырқап қалды (фото)

Астанада өткен "Қазақ аруы" байқауында Ерке Есмахан сахнаға қызыл көйлекпен шықты. Әншінің етегі үлпілдек киімін көрген жұртшылық таңырқап қалды.

Әлеуметтік желіге суретін жүктеген әнші көйлегі тыңдарманды бейжай қалдырмағанына көз жеткізді. Оқырмандардың дені Еркенің көйлегіне тамаша деп мақтау айтып жатса, енді біреулері әншінің шаршап, мызғып кеткенін сөз етіп, шуласты.

"Бүгін "Қазақ аруы" жоғары деңгейде болды. Арулар нағыз сыннан өтті. Хабар арнасы мен Баян Есентаева xанымға жоба үшін зор алғыс!", - деп жазды суретінің астына Ерке Есмахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1074473-erke-esmakhannynh-koylegin-korgen-zhurt/