RU

Тәжік қызы Белоруссияның ең сұлу студенті атанды (фото)

Беларусь мемлекеттік университетінде оқып жатқан бойжеткендердің арасында өткен сұлулық байқауында Тәжікстаннан келген Ёсамин Мусоева бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл туралы «БелТА» ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Университетте ұйымдастырылған байқау «Miss International BSU – 2016» деп аталды. Оған осы оқу орнына тек шетелдерден келіп, оқып жатқан студент қыздар қатысқан. Сайыстың финалы 17 наурызда өтті.

Онда Қазақстаннан, Тәжікстаннан, Қытайдан, Нигериядан және Түрікменстаннан келген бойжеткендер өзара сұлулық сынағын қыздырған. Әділ-қазылар қыздардың тек бет сұлулығы ғана емес, сонымен қатар олардың көпшілік алдында өздерін ұстап, қойылған сұрақтарға жауап берулерін де қаперге алған.

Нәтижесінде Тәжікстаннан келген студент Ёсамин Мусоева жеңімпаз атанды. Ол заң факультетінің 2-курсында оқиды.

Конкурс жалпы 8 аталым бойынша жүлде тағайындаған. Қазіргі таңда БГУ-де әлемнің 50 елінен 2300-ден астам студент оқып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1077229-tazhik-qyzy-belorussiyanynh-enh-sulu-stud/