Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық аспаз Қайрат Нұртастың сүйікті палауын пісірді (фото)

Опубликовано:

Қостанайда Наурыз мейрамын тойлау таңғы сағат 9-да басталды.

Негізгі іс-шаралар 22 наурызға белгіленген, оның ішінде оннан астам мейрамхана мен дәмхананың аспазы қатысқан палау конкурсы да бар, деп хабарлайды BNews.kz.

Қостанайдың сити-орталығында ашық аспан астына бірнеше үлкен қазан қойылып, өзбекше, тәжікше, қырғызша палау басылды.

«Шығыс асханасы» дәмханасының өкілдері бөдененің жұмыртқасы қосылған бір қазан палау пісірді.

«Бұл еліміздің танымал әншісі Қайрат Нұртастың сүйікті палауы. Әрине, Қайрат басқа асты да құмартып жеуі мүмкін. Алайда ол соңғы рет Қостанайға келгенде, біз сиыр еті мен бөдененің жұмыртқасы қосылған дәл осы палаумен қонақ қылған едік. Оған өте ұнады, мұндай дәмді ас жемегеніне көп болғанын айтты», - дейді «Шығыс асханасының» аспазы Саид Кусманов.

Міне сондықтан да аспаз Наурыз мерекесіне орай сол рецепті қайталауды жөн көрген екен. Ол үшін міндетті түрде сиыр еті мен өзбек күріші керек. Ет пен күріштің салмағы тең болуы шарт, 1 келі күрішке 200 грамм ноқат және 1 келі сәбіз қосылады. Сарымсақ тұтас салынады. Ет ұсақталған бөдене жұмыртқасымен безендіріледі.

Тағы бір қостанайлық аспаз Алим Маруфи де өзінің жеке рецептімен бөлісті. Ол 20 келіден астам палау басты.

«12 келі етке 12 келі күріш салып, сарымсақ пен зире қостым», - деп атап өтті Маруфи.

Наурыз мейрамында тұтастай тәтті бұрыш, алма, тіпті алмұрт қосылған палаудан дәм татуға болады.

«Қостанайда палау конкурсы Наурыздың құрметіне жыл сайын өткізіліп тұрады», – дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1078594-qostanaylyq-aspaz-qayrat-nurtastynh-s/