RU

Жартылай жалаңаш қазақ қызы байқау төрешілерін таңдай қақтырды (фото)

Ақтөбе қаласының аруы Құралай Закарина Үндістанда өткен Supermodel International-2016 байқауында шомылу киіміндегі ең үздік бойжеткен атанды.

Бұл туралы байқаудың Facebook-тегі  ресми парақшасында жарияланды. Сайыста топ жарғаны туралы бойжеткеннің өз Instagram парақшасында да мәлімдеді.

"Шомылу киіміндегі ең үздік ару" номинациясын жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Байқау керемет өтті, қатысқаныма еш өкінбеймін. Мол тәжірибе жинадым. Енді көпшілігі Қазақстан туралы біледі. Қолдау білдірген жандарға мың алғыс", - деп жазды Құралай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1079244-aqtobelik-aru-shomylu-kiiminde-bayqau/