RU

Сон Паскаль жаңа альбомына "Киіз үй" деген атау берді

Қазақ әндерін орындаумен танымал болған итальяндық әнші Сон Паскаль "YURT" , қазақша баламасында "киіз үй" деген мағынаны білдіретін  жаңа альбомын жарыққа шығарды.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Cегіз әннен құралған альбомға Нұрғиса Тілендиевтің "Құстар әні" мен Абай Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай" әндеріне орындаған әншінің кавер нұсқалары кірген.

Жуырда Сон Паскаль тыңдармандарына "Мен сені сүйемін" әніне бейнебаян ұсынбақ. Басты рөлді қазақстандық модель әрі дизайнер Айя Шалқар» ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1079363-son-paskal-zhanha-albomyna-kiiz-uy-deg/