RU

Мейрамбек Бесбаев ұлының 1 жасқа толғанын дүркіретіп атап өтті (фото)

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың ұлы Әбухайыр 1 жасқа толды. Осыған орай, ол өнер жұлдыздары мен достарының басын қосып, той жасады.

Осыдан бір жыл бұрын әншінің жары Мархабат шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген болатын. Ал танымал өнер иесінің тұңғышы Кәусар мектепте оқып жүр.

Бесбаевтар әулетіндегі тойға қазақ өнері мен эстарадасындағы танымал тұлғалар түгел жиналды. Құрметті қонақтар арасында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Қоразбаев, Қалқаман Сариндер де бар.

Сәбидің тұсауын Алтынбек Қоразбаев кессе, бүлдіршінді жетектеп жүру құрметіне Мейрамбектің жақын достары Сәкен Майғазиев пен Тоқтар Серіков ие болды.

Әбухайырдың тұсаукесер тойын еліміздегі ең қымбат асабалардың бірі Шынберген Сүлейменов жүргізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1082114-meyrambek-besbaev-ulynynh-1-zhasqa-tolgha/