RU

Заттыбек екі қабатты зәулім үй салып алды (фото)

"Ақ маржан" әнімен аты алты Алашқа жайылған әнші Заттыбек жаңа үйінің құрылысын бітірді.

2015 жылы әртіс отбасымен жаңа баспанасына көшіп келді. Зәулім үйдің құрылысына бірнеше жыл кеткен. Қос қабатты ғимарат Шымкент қаласынан біраз шақырым жерде орналасқан. Әртіс үйін көне грек мәдениетінің стилінде жасаған. Ал сыртқы келбетін шырша отырғызып, жасанды шөппен безендірген.

Еске салайық, Заттыбек ауыл мектебінде ұстаздық қызметте жүріп, кейіннен әзіл-сықақ театрында өзін актер ретінде сынап көруге бел байлайды. Бірақ, әртіс "Ақ маржан" әнімен ел арасында танымалдылыққа ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1082463-zattybek-eki-qabatty-zaulim-uy-soghyp/