RU

Отандық актриса секта мүшесінің қолынан қаза болған әкесінің кегін қайтармақ

Шет елдерде де үлкен сұранысқа ие отандық актриса Линда Нығматулина әкесінің қалай қайтыс болғанын еске алып, ол үшін кек қайтарғысы келетінін айтты, деп жазады stan.kz.

1985 жылдың 12 ақпанында Талғат Нығматулиннің белгісіз біреулердің қолынан қаза тапқаны туралы қаралы хабар халыққа жеткен болатын.

Актердің мәйіті Вильнюс орталығындағы пәтерден табылды. Талғат Нығматуллинның қабырғасы, мұрны мен басы сынып қана қоймай, 119 жерінен соққы алған.

Линда Нығматулинаның әкесі “ХХ ғасырдың қарақшылары” фильмінен кейін соғыс өнерін мықты меңгергендігімен танылған болатын. Халық оның қазасынан кейін Талғаттың неге өзін мұнша азаптауға мүмкіндік бергенін әлі күнге дейін түсінбей келеді.

"Әкем менің екі жасымда қайтыс болған. Бірақ өсе келе, көз алдыма бір бөлме ішінде тұрған әкем мен жаман адамдардың бейнесі келе береді. Неге екенін білмеймін, осы оқиға есімнен бір сәтке де шықпайды. Көзімнен жас ағып, көкейімді кек кернеп қоя береді. Әкемнің кегін қайтарғым келеді", - деп кейіді актриса.

"Бар байлығым – әкемнің иығында отырып түскен суретім. Әлемнің қай жеріне барсам да, әлгі суретті қолыма алып, төсегімнің бас жағына қойып қоямын. Оны өзіммен бірге тастамайтыным соншалық, жақында қайта қалпына келтіруге бердім. Ойланып отырып әкемнің жүзіне қараймын. Анамның сөздерінің бе, әлде қалған мұрасының әсері ме, оны түсімде жиі көремін", - дейді Линда Нығматулина.

Тергеу жұмыстары барысында таңқаларлық фактілер ашылған еді. Кеңес үкіметінің 70-жылдарында журналистер, жазушылар мен суретшілер баратын секта болған екен. Аталған сектаның басында қырғыз ғалымы Абай Бөрібаев пен көріпкел Мырза болған.

Сектанттар “Төртінші жол” деп аталатын дзен-буддизм мен эзотериканың қосындысынан дін ойлап тапқан. Осы діни бағытты ұстанғандардың арасында Талғат Нығматулин де болған. Абай Бөрібаев сегіз жыл бойы оның ағартушы ұстазы болған. Артынша әзірейіліне айналған.

Тергеу жұмыстары барысында аталған секта мүшелерінің сегіз сағат бойы Талғат Нығматулинді аяусыз ұрып-соққаны белгілі болған. Ал “Неге?” деген сұраққа әлі күнге дейін жауап жоқ. 14 жылға бас бостандығынан айырылған Абай Бөрібаев тергеу абақтысында белгісіз себептен қайтыс болады. Мырза мен өзгелері 10 жылға бас бостандығынан айырылады.

"Әкем қайтыс болған соң анам да мына жалған дүниеден ғайып болып кеткісі келді. Тіпті қаралы хабардан кейін он күн бойы тамақтан бас тартып, ешкіммен тілдеспей жатып алды. Әжем мені қолымнан жетектеп алдына апарып “Өмір сүргің келмей ме? Өзің біл! Бірақ мынаған қарашы… Сенің қызың мына жалғанда тұл жетім болып қалады!”, – деді. Осы сөздер анама қатты әсер етіп тамақтанды. Артынша ақырындап ел қатарлы өмір сүре бастады", - деп еске алды қиын сәтті Линда.

Актрисаның әңгімесі бойынша анасы Ташкенттегі пәтерде көп уақыт бойы қала алмаған. Б

"із Алматыдағы ата-әжемізге көшіп келдік. Анам ешкімнің көмегінсіз ішін удай ашытқан қайғысын өзі жеңгісі келді. Тергеушілер мен журналистер мазасын ала берген соң бұл оңайға соқпады. Режиссерлар болса Нығматулиннің жесірін өздерінің фильмінен көргісі келді. Мұның барлығынан анам қатты шаршап, кинодан түбегейлі бас тартты", - деп күрсінді актриса.

Линда Нығматулинаның анасы мен әкесі түсірілім алаңында танысқан. Олкезде әкесі 33 жаста болса, анасы енді ғана 19 жасқа толған шақ екен.

Актриса некесі сәтсіз болған соң ешкіммен көңіл қосуға асықпайтыны туралы айтқан болатын. Алайда жақын күндердің бірінде өзінен бірнеше жас кіші азаматпен кездесіп жүргені туралы ақпарат пайда болды. Бұл жолы кіршіксіз сезім тойға ұласар-ұласпайтыны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1085813-nyghmatulina-sekta-mushesininh-qolynan/