RU

Мадонна өзінен 32 жас кіші көңілдес тауып алды

Әйгілі әнші Мадонна өзінен 32 жас кіші жігітпен кездесіп жүр.

Бұл туралы 7days.ru дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

«Мадонна фанаттарының ішіндегі оған ең бір берілген, оның талай тірліктеріне үйренгендерінің өзі 57 жастағы поп-жұлдыздың 25 жастағы сұлу жігіт Абукар Сумахоромен көңілдес болып жүргенін білгенде, естерінен танып қала жаздады», – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, әнші жас жігітпен ортақ таныстарының кешінде өткен жылғы қараша айында танысқан. Лондонның Harrods супермаркетінде сатушы болып істейтін Абукар әншімен танысқан соң, мода бизнесінде өзін сынап көргісі келетінін айтады.

Олардың сол кездесуден кейін бірнеше рет бірге жүргенін таныстары байқап қалыпты. Соның ішінде жас жігіттің әншінің үйінен шығып келе жатқанын да көргендер бар. Ал қазір олардың ара қатынасы жаңа бір деңгейге дейін көтерілген сияқты.

Мадоннаның талабы бойынша, Абукар өзінің жұмыс орнынан шығып, жасы ұлғайған құрбысының гастрольге шығып тұратын тобына қосылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1086338-madonna-ozinen-32-zhas-kishi-konhildes-tauy/