Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек әншісі Райхон ана тілін білмегені үшін сынға қалды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіні қолданушылар арасында Өзбекстанның еңбегі сіңген әртісі Райхон Ганиеваның интернет басылымға берген сұхбатында жасына байланысты өзбек тілін үйрену қиын болатыны туралы пікірі үлкен пікірталас тудырды.

Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтары хабарлайды.

Өзбектің атақты кинематографисті Нәби Ганиевтің немересі Райхонның өзбек тілін білмейтіні көпшілікті қынжылтқан. Кейбірі тілді білмейтінін жарнамалаған әнші, осылайша "өзбектерді қорлайды" десе, Facebook қолданушылары Өзбекстанның мемлекеттік тілін білу заң бойынша міндет екенін еске салды.

Райхонның жақтастары "мемлекеттік тілді білу-білмеудің маңызы жоқ екенін", әншінің мемлекеттік тілде сөйлемегенінен "өзбек экономикасына келіп кетер ештеңе жоқ» екенін алға тартты.

"Өзбекстан – көпұлтты ел. Мұнда өзбектерден басқа, еврейлер, түркімендер, тәжіктер, секілді басқа ұлт өкілдері де тұрады. Мысалы, Самарқандқа барсаңыз, онда елдің бәрі тәжікше сөйлейді. Өзбек тілін білмейтіндер де бар. Бірақ олардың бәрі өзбекше ән айтады. Олар халыққа деген сүйіспеншілігін осылай білдіреді. Сондықтан оларға үнемі өзбекше сөйлеу міндет емес", – деді өзбек әншісі Азиза Ниязметова.

1989 жылы Өзбекстанда «Мемлекеттік тіл туралы»Заң қабылданды.Өзбекстан тәуелсіздік алған соң, заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мемлекеттік тіл-өзбек тілінің құқықтық мәртебесін одан әрі күшейтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1086708-ozbek-anshisi-raykhon-ana-tilin-bilmege/

pixel