Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал түрік әншісі екінші рет үйленбекші

Опубликовано:

Түріктің белгілі поп-әншісі Мұрат Боз «Бауырым менің» фильмінде бірге басты рөлдердің бірін сомдаған Аслы Энверге үйленбек. Бұл туралы Haber.com хабарлайды деп жазады 24 арна.

Түсірілім кезінде танысқан жұлдыздардың достығы қысқа мерзім ішінде махаббатқа ұласып, бүгінде танымал жұпқа айналып отыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 1,5 ай бұрын олар өздерінің қарым-қатынастарын Instagram желісі арқылы жариялаған еді.

Енді қос ғашықтың үйлену тойы маусым айының алғашқы аптасына белгіленіп отыр. Ал нақты күні екі жақтың ата-аналарымен кездескеннен соң белгіленбек.

Айта кету керек, Аслы үшін де, Мұрат үшін де бұл екінші неке. Аслы Энвер былтырғы жылдың тамызында 3 жылғы жұбайы Біркан Сокуллудан айырылысса, Мұрат Боз 2008 жылы Германияда сүйіктісі Элиз Сакучоғлымен үйленіп, 2012 жылы ажырасып тынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1089585-tanymal-turik-anshisi-ekinshi-ret-uylen/

pixel