Абай Бегей 500-ден астам келіннің бетін ашқанын айтып мақтанды (видео)

Опубликовано:

Әнші Абай Бегей мен Асхат Тарғын павлодарлық әнші Маусым Шәкімнің шығармашылық кешіне келіп, көрермендермен ашық әңгімелесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Бір жылдары Тиматимен келісімге келіп, бірге ән шырқайтын болған едік, алайда менің отбасымдағы қайғылы оқиғадан кейін ол жоспар жүзеге аспады. Бірақ онымен әлі байланысты үзген жоқпыз", - деді Абай Бегей.

"Жуырда Кубада Sin Frontera тобымен үш жерде кеш бердік. Сонымен қатар тойда ән шырқап жүріп, 500-ден аса келіннің бетін аштым. Қазір эстрадалық әнмен қоса жыр терме айтуды ойлап жүрмін", - деп сөзін жалғады әнші.

Ел таныған әншілерге арнау орындаған жас ақын Оразбек Бақытхан домбырасын Абай Бегейге ұсынып, терме айтуын өтінді. Жыр, терме орындауды қолға алғалы жүрген әнші тосылмай, бірден тойдағы беташарынан үзінді айтып берді.

Айта кетерлігі, өз кезегінде «Мария арман едің» әнімен танылған Асхат Тарғынның жуырда ғана түсірген «Қарындасым» бейнебаяны көп ұзамай көрермендердің назарына ұсынылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1089689-abay-begey-500-den-astam-kelinninh-betin/