Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидің әкесі Баян Есентаевадан сөз естіді

Опубликовано:

Жақында "Ел аузында" бағдарламасына сұхбат берген Төреғали Төреәлінің әкесі әрі продюсері Төреәлі Төлеп Ерке Есмаханды "Алло" әнінің арқасында танымал болды дегені Баян Есентаеваның қытығына тиді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Баян өз парақшасында Төреғалидің әкесіне ренжулі екенін ашық байқатқан жазба қалдырды.

"Менің әріптесім Төреәлі өзге әртістер үшін жауапкершілікті тым жиі өзіне алғанды жақсы көреді. "Алло" - бұл ортақ туынды. Әнді Төреғали ұсынды, ал клип түсіру идеясы менікі, бірге ойымыз керемет жүзеге асты. Еркенің Төреғали секілді сахнада жеке ән айтып жүргеніне екі жыл болды. Өзгенің еңбегін сыйлай білу керек деп ойлаймын, құрметті әріптесім Төреәлі, мен де жүгері күзетіп отырған адам емеспін. Клипті 9 млн-нан астам адам қарады, оларға әнмен үйлескен бұл оқиға ұнайды, ал сізді клип түсіргенде көрген ешкім жоқ. Сіз армандап көрмеген клипке қол жеткіздіңіз. Сол себепті, ортақ еңбекті құрметтейік. Ерке дауысы керемет әнші, өзінің табынушыларын да жинап үлгерген. Олай болмаған жағдайда Төреғали оған дуэт болып шығу ұсынысын жасамас еді. Біз келісу-келіспеу жағын ұзақ ойланған едік", - деп жазған Баян.

Баянның бұл жазбасына пікір қалдырғандардың дені оның сөзіне қосылатынын жазған. Желі қолданушылары "Төреғали Төреәлінің жұлдыз ауруына шалдыққанын" айтып, Еркенің олармен салыстырғанда нағыз дарын иесі екенін сөз еткен.

Айта кетерлігі, жақында Баян Есентаева Ерке мен Төреәлінің "Алло" бейнебаянына фильм түсірілетінін мәлімдеген болатын. Бұл жайттан кейін екі тараптың енді ортақ туынды жасау-жасамауы уақыттың еншісінде болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1090888-bayan-esentaeva-toreghali-torealininh/

pixel