"Ананди" өзі тапсырыс берген қалыңдық көйлегімен жерленді (фото)
Опубликовано:
Келін" үнді телехикаясының актрисасы Пратюша Банерджи қалыңдық көйлегімен жерленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz FirstPost.com басылымына сілтеме жасап.
Жас актрисаны жерлеуге арналған киімді дизайнер Рохит Верма тіккен. Дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, өзіне қол жұмсардан біраз бұрын Пратюша Банерджи дәл осы көйлекке тапсырыс берген екен.
Hindustan Times мәліметінше, қайтыс болардан біраз бұрын Пратюша Банерджи жігітінің үстінен сотқа арыз түсірмекші болған.
"Бірнеше күн бұрын ол маған қоңырау шалып, Рахулдың өзін алдап жүргенін айтты. Мен оған келіп, барлығын реттейтінімді айттым. Ол бұдан ары төзе алмайтынын, онымен қарым-қатынасын үзгісі келетінін жеткізді. Ол көмек керек екенін және Рахулдың үстінен шағым түсіргісі келетінінін айтқан болатын", - деді актрисаның құрбысы Камья Пунджаби.
Еске салайық, Пратюша Банерджи 1 сәуірде өз үйінде өлі күйінде табылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1091084-anandi-ozi-tapsyrys-bergen-qalynhdyq-k/