RU

Ерке Есмахан Төреғалидың әкесіне қатысты пікірін білдірді

 "Алло" әнін шырқап, көпшіліктің ықыласына бөленген Ерке Есмахан Төреғалидың әкесімен болған жайт туралы оқырмандарымен бөлісті.

Екі-үш күннен бері жанкүйерлер тарапынан толассыз түсіп жатқан сауалдарға әнші бойжеткен Төреғалидың әкесіне ренжігенін тұспалдап қана жеткізген.

"Өкінішке орай, қазіргінің кейбір жігіттері, ел ағасы болған "ағалар" қызды "қорғамақ" түгілі, дүйім жұрттың алдында ыңғайсыз әңгіме айтып жүр", - деді Ерке басынан өткен жағдайға қатысты.

"Өнерде қыз бала мен ер баланың жолын салыстыруға еш келмейді. Қыздың жолы қашан да жіңішке әрі ауырлау. Менің де әкем, аға-жезделерім бар, оларды төбеме қойып сыйлаймын, қарсы сөз айта алмаймын. Сондықтан мен бірге ән айтқан әріптесімнің әкесін сыйлаймын, ол туралы артық сөз айтқым келмейді. Бақты да, сорды да беретін тек Алла! Бәріне төрелік ететін де бір Алла!", - деп пікір қалдырды Instagram желісінде әнші.

"Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,

Бірақ та, биікпін деп асқынбаңыз.

Сен мықты, анау осал, мен орташа,

Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,

Шайқаңыз осы өмірді жүріп мейлі.

Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс

Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді", - деп әнші Мұқағалидың өлеңімен сөзін аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1092955-erke-esmakhan-toreghalidynh-akesine-qat/