Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев Ninety one тобының сырға тағатынын мысқылдады

Опубликовано:

Мейрамбек Беспаев Ninety One тобының жігіттері сырға тағатынын өзара әңгімесінде мысқылдап, әріптестерін күлкіге кенелткен көрінеді.

Бұл туралы әнші Сәке Майғазиев "Ревью" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.

“Біржыныстылықтан Алла сақтасын. Қыз қызға, еркек еркекке үйленіп жатқан шайтини тірліктерге жақын болмаңдаршы. Жігіттердің көзін бояп, сырға тағып, шашын бояғаны жақсылыққа алып бармайды. Әсіресе сендерді тыңдайтын жас жеткіншектер, мектеп оқушылары бар. Солардың бағытын бұзбаңдаршы. Әп-әдемі Ringo, "Орда" құсап жүре беруге болады ғой”, – деп өтінді Сәкен Майғазиев.

Мейрамбек Беспаев "91" тобының стиліне байланысты өз пікірін қалжыңмен жеткізген.

“Мейрамбек бірде қалжыңдаған еді. Ертең үйленсе, “Жаным, менің сырғамды көрмедің бе?” деп қалай айтады екен?! деп күлдірді”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1093239-meyrambek-bespaev-ninety-one-tobynynh-syrgha-ta/