RU

Кезінде өз баласынан бас тартқан танымал пародист екінші некесінен ұлды болды

Танымал пародист Олжас Сыдықбек ұлды болды. Бұл туралы актердің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

"Сүйінші, ағайын! Ұлды болдым! Аллаға сансыз шүкірлік!", - деп жазған Олжас қуанышын көпшілікпен бөлісті.

Актердің қуанышына Ринат Кертаев, ақын Қалқаман Сарин де ортақтасты.

Жақсы əзілмен беруші едің жан емін,

Ұлды болып нұрға толды əлемің.

Балалы боп өзің бүгін жатырсың,

Балық аулап жүрген кеше бала едің!, - деп құттықтауын әзіл өлеңмен жеткізді Қалқаман Сарин.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын пародист Олжас Сыдықбек құрбысының аяғы ауыр екенін біліп, баласынан бас тартқанын жазған болатынбыз.

Кейіннен сот сараптамасы пародистің бас тартқан баланың әкесі екенін дәлелдегенін жариялаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1095164-tanymal-otandyq-parodist-uldy-boldy-f/