Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Меломеннің" экс-продюсері әншілердің орындауындағы хит әндерді тартып алмақ

Опубликовано:

"Меломен" тобының бұрынғы продюсері Жанна Әбуова жігіттерге хит әндерін орындауға неге тыйым салғанын көпшілікке түсіндіріп өтті.

"Продюсер мен әртістің шығармашылық әріптестігінде бір ғана жақтың еңбегі болмайды. Ең алдымен, барлығы Алланың қалауымен болады. Продюсер әншіге репертуар таңдау кезінде қаржы құйып қана қоймай, жанын, жүрегін, миын салады", - деп жазды продюсер Instagram парақшасында.

Жанна Әбуованың айтуынша, "Меломен" әншілері мен продюсердің біріккен жұмысы келісім-шарт мерзімінен бұрын аяқталған. Себебі, жігіттер өз бетінше жұмыс істеуді қалаған.

"Мен олардың қалауына қарсы шықпадым, оған қоса, продюсер болып тұрған кезімде өз қаржыма сатып алған, яғни менің құқығымдағы барлық әндерді жігіттердің өздеріне қалдырдым. Бар мақсатым, өздері ақша тапсын деп тіледім. Енді менің талаптарым орындалмай жатыр", - деп мәселенің тиегін тарқатты Жанна Әбуова.

Продюсердің пайымынша, ешбір продюсердің жетекшілігінсіз жұмыс істеуге сөз берген "Меломен" тобының жігіттері өз сөзінде тұрмаған болып шықты.

"Менің жаңадан қолға алып отырған «Назар» атты тобым менің қалауым бойынша «Меломен» тобының бұрынғы әндерін қайта орындап шығады, себебі ол әндердің жалғыз заңды иесі мен екенімді тағы айтам", - кесіп айтты продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1095228-melomenninh-eks-prodyuseri-anshilerdinh/

pixel