Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батырхан Шүкеновтің ағасы інісінің қазасына бір жыл толған күні ән айтпауды сұрады

Опубликовано:

Өткен жылы дүниеден озған Батырхан Шүкеновтың ағасы Бауыржан Шүкенов әншінің жанкүйерлеріне өтініш жасады.

Ол інісінің қазасына бір жыл толған күні ән айтпай, әруағына дұға бағыштауды өтінді.

"Достар, егер Батырдың қазасына бір жыл толатын күні мешітке, шіркеуге, синагогаға барып, оған дұға етіп немесе оның өлеңдерін ақырын қойып, тыңдасаңыздар біз үшін сол миллион есе дұрыс болар еді, әрі біздің де жанымыз тыныш болар еді", - деді Бауыржан Шүкенов.

Әншінің ағасы алматылық тұрғындардың Кеңсайда құран оқып, оның қабырғасының жанында тұрғанын қалайтынын жеткізді.

"Ал алаңдарда оның әндерін орындауға басқа да күн туар. Дұрыс түсініңіздер", - деп жазды Бауыржан Шүкенов Facebook парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1095358-batyrkhan-shukenovtinh-aghasy-duyim-zhurt/

pixel