Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"All Давай" тобының әншісі Диана Шарапованың айыптауына жауап берді

Опубликовано:

Отандық әнші Диана Шарапова мен All Davay арасындағы дау әлі толастар емес. Топ әншісі Шоқан Маратұлы "Новогодний бал"әнін ұрлап айтқанына қатысты өз пікірін білдірді.

"4 миллион айыппұлмен «Негры» тобының әншісі Диана Шарапова біздің атымызға сотта арыз түсірді. Оған "тиесілі " туындыны «Ты не пришла на Новогодний Бал» әнін өз атымыздан орындап шыққанымыз үшін", - деп жазды Шоқан.

"Диана, бұл не сандырақ? Мен бұл әнді бала кезімнен білемін. Ауылда жүріп, осы халық әндерімен өстік. "Новогодний Бал" әні Еркін Сүюбаевтың YouTube желісіндегі видеосын көрген соң, есіме түсті. Балалық шағым көз алдыма келді. Сол үшін оны орындауды ұйғардым", - деп ақталды әнші.

"Бала кезімнен көкейімде жатталып қалған әнді айтуға неге құқым жоқ? Ескі әндерді қайта жаңғырту тәжірибеде бұрыннан бар нәрсе ғой", - деді Шоқан.

Әншінің айтуынша, Диана Шарапованың продюсері Роман Миронов оған хабарласқанда, Шоқан абдырап қалған. Себебі мәселенің мән-жайын түсінбегенін жасырмады.

"Халықтың әнін қалай ғана өзінікі деп айтуға болады? Диананың бұл мәселені өзара шеше алмағаны өкінішті. Төрелігін сот шешсін", - деді All Davay солисі Шоқан Маратұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1095419-davay-tobynynh-anshisi-diana-sharapova/

pixel