RU

Үш ұлдың әкесі Мақсат Базарбаев қызды болды

Бүгін "МузАрт" тобының бұрынғы солисі, әнші Мақсат Базарбаев қызды болды.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде жариялады.

"Аллаға сансыз шүкір. Қасиетті жұмада қызды болдым, сүйінші ағайын", - деп жазған әнші қуанышын жанкүйерлерімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын әнші Мақсат Базарбаевтың 9 жыл перзент сүймеген қиындықты қалай жеңгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1095540-ush-uldynh-akesi-maqsat-bazarbaev-qyzdy/