Атақты әнші аяқтары мен дауысын $70 млн-ға сақтандырды
Опубликовано:
Америкалық әнші Мэрайя Кэри өзінің аяқтары мен сыңғырлаған дауысын 70 млн долларға сақтандырды.
Бұл туралы шетелдік басылымға сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Белгілі болғандай, атақты әншінің аяқтары мен дауысы 35 млн доллардан сақтандырылыпты.
Кэридің өзі қазіргі уақытта әлемдік турнеде жүр. Ол Оңтүстік Америка елдеріне де гастролдік сапарымен баруды жоспарлап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1096238-ataqty-anshi-ayaqtary-men-dauysy-70-mln-gha/