RU

Танымал айтыскер ақын ауыр халде ауруханаға түсті

Танымал айтыс ақыны әрі асаба Шыңберген Сүлейменов жол апатына ұшырады.

Бұл туралы әнші Жігер Ауыпбаев өзінің Instgram парақшасында жариялады.

"Құрметті әріптестер, достар! Алла разылығы үшін дұға жасап қойсаныздар... Айтыскер ақын, көптеген xит әндерді дүниеге алып келген Шыңберген Сүлейменов ағамыз жол апатына түсіп, ауыр xалде жатыр. Бірігіп Алладан амандығын тілеп қойсақ. Алла разы болсын баршаңызға. "Әлі алар асуыңыз, шығар шыңыңыз бар Шың аға. Алла дертіңізге шипа берсін" - деп жазды әнші.

Соңғы мәлімет бойынша, айтыскер ақын тыныс алу аппараты арқылы дем алып жатыр. Жақында Сүлейменов Мейрамбек Беспаевтың ұлының тұсаукесер тойын жүргізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1096460-tanymal-aytysker-aqyn-zhol-apatyna-tus/