RU

Концертте Мақпал Жүнісованың қызының дауысын естігендер таңдай қақты (видео)

Мақпал Жүнісованың Астанада өткен концертінде әншінің қызы Мерей Заманбекқызы әннен шашу шашып, көрермендерді ерекше дауысымен тәнті етті.

Жас қыздың өнерін тамашалағандар Мерейдің анасы секілді зор дауыс иесі екенін байқап, сүйсінгенін жазады.

"Керемет Мерей, тіл-көзден аман бол, ақылды да сұлу қыз. Әкең сияқты жақсы, ел аузындағы азаматтын бірі бол. Марқұм әкең бір аунап түсіп, сені қорғап жатқан шығар, бақытты бол айналайын", - деп жазды тыңдармандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1097026-koncertte-maqpal-zhunisovanynh-qyzyny/