RU

"Адай" таңбасын салып алған Ақылбек Жеменей тыңдарманның намысына тиді (фото)

Әнші Ақылбек Жеменей концертке әзірлеген костюмдерінің біріне "Адай" руының таңбасын бастырып, суретін Instagram парақшасына жариялап қойды.

Әншінің бұл фотосын көрген жазылушылар өретүрегеліп, әншіге наразылығын білдіруде.

«Адай ғана қазақты жер бетіне танытқан жоқ қой. Неге руға бөлініп шыға келеміз? Қазақ деген бір ұлт болып қалуды армандаған жоқ па бабаларымыз?», - деп шуласты оқырмандар.

«Иә, "Адайлар" ғана жер бетінде өмір сүріп жатыр ғой, неге қарапайым қазақтар десек болмай ма, Қазақтың бір баласындай. Дегенмен, мен де қазақтың қызымын, бөлінбейік ағайындар!!!! Бауырлар! Жұртым! Қазағым! Елім! Елім!» - деп ой салуға тырысты кейбіреулері өкпелі жанкүйерлеріне.

Ал Ақылбектің руластары әншінің әрекетін тектілікке балады.

«Адай жөнінде бірдеңе болса, біреулер бөлініп жатсыңдар деп шыға келеді екен... Өзіңнің тегіңді құрметтегенің бұл еліңді құрметтегенің, бұл жерден адай бөлінді деген сөз көріп тұрған жоқпын. Баяғыда әр қазақ өзінің тегін көрсетіп отырған, таңбасын тасқа қалдырған, сонысымен танылған! Тегіңді білу, оны құрметтеу ТЕКТІЛІК! "Бөлінгенді бөрі жейді - деп" өтірік білгішсінбей - ақ қойың! Басқа жаққа бұрмалауды қойың!» - деп жазды бір топ жақтаушылар.

Еске салсақ, Ақылбектің Жеменей деген лақап аты да - руының атауы. Әнші "Адайдың" ішіндегі ең үлкен ру - "Жеменейден" шыққандықтан осындай лақап атты таңдаған.

«Осыдан 5-6 жыл бұрын сахнаға алғаш шығып жүргенімде белгілі сықақшы Марат Көккөзовпен концертте бірге болдым. Адайдың ішіндегі Жеменей екенімді біліп, сол кісі тегімді ауыстыруға ұсыныс жасаған болатын. Содан бері осылай келе жатырмын», - деп сырымен бөліскен болатын әнші сұхбаттарының бірінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1097743-aday-tanhbasyn-salyp-alghan-aqylbek-zhem/