RU

Меруерт Түсіпбаева ұлы екеуіне арнап зәулім үй тұрғызып жатыр

Әнші Меруерт Түсіпбаева зәулім үй салып жатыр. Жаңа қонысының дизайнын әртіс танымал сәнгер Берік Ысмайыловқа табыстады.

Әнші үйдің ішкі құрылысы әлі бітпегенін, әйтсе де ұлының жаңа үйдің айналасын қарап жүргенін видеоға түсіріп алып, көпшілікпен бөліскен.

"Аллах жар болсын, балам жаңа үйге келді. Берік Ысмайылов дизайнын жасайды", - деп жазды Түсіпбаева Instagram парақшасында.

"О, құтты болсын, Меруерт ханым. Бізге жұғысты болсын. Үйіңіз қуанышқа толы болсын. Осы жаңа үйде ұлыңыз екеуіңіз жаңа бақытқа жете беріңіз. Біз сіздің әрбір жетістігіңіз үшін қуанып отырамыз. Сізді жігерлі мінезіңіз үшін қатты жақсы көремін", - деп қуанды Элвира есімді әншінің жанкүйері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1098497-meruert-tusipbaeva-uly-ekeuine-arnap/