Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббат жасқа қарамайды: жас ерекшелігі үлкен отандық жұптар

Опубликовано:

Махаббат жасқа қарамайтынын ескерсек, отандық шоу-бизнесте де жас алшақтығына қарамай, бақытын тапқан жұлдызды жұптар жетерлік.

NUR.KZ  ZTB.KZ-ке сілтеме жасап, солардың кейбірін назарларыңызға ұсынады.

Асанәлі Әшімов пен Бағдат Әшімова, жас айырмашылығы: 34 жыл

Танымал отбасының отау құрғандарына 15 жыл толды. Әшімов жұбайын ауруханада ем қабылдап жатқан кезінде кездестірген. Бүгінде ерлі-зайыптылардың Асанәлі есімді ұлдары бар.

Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов, жас айырмашылығы: 14 жыл

Жұлдызда отбасы - еліміздегі ең үлгілі жанұялардың бірі саналады. Қос ғашық өмірде де, өнерде де жұбын жазбайды. Бүгінде Қыдырәлі мен Қарақат төрт ұл өсіріп отыр.

Ленара Абибулаева мен Райымбек Баталов, жас айырмашылығы: 14 жыл

"Рахат Лукум" тобының бұрынғы әншісі Ленара мен танымал қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталов та төрт ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

Бүркіт пен Аиша, жас айырмашылығы: 12 жыл

Өнерлі жұп сахнада да бір-бірін қолдап жүреді. Жақында жұлдыздар екінші рет балалы болды. Қазір Бүркіт пен Аишаның  Зейін мен Омар есімді қос ұлы бар.

Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева, жас айырмашылығы: 11 жыл

"Наша Казаша" жобасының негізін қалаушы Дәуіт Шайхисламов пен танымал журналист Дана Орманбаева төрт ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов, жас айырмашылығы: 6,5 жыл

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова мен "Хабар" арнасының режиссері Олжас Смағұлов 2014 жылы некесін қиды. Қазір жұлдызды отбасының бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1098562-zhasyna-qaramay-bir-birininh-zhuregin-zha/

pixel