RU

Тыңдарман Қайрат Нұртасқа "Халық әртісі" атағын беруді ұсынды (видео)

Қайрат Нұртастың өнерін бағалаушы Асхат есімді тыңдарман көпшілікке сүйікті әншісіне "Халық әртісі" атағын беруге ұсыныс тастады.

"Мен кез-келген жерде, үлкен жиындарда бір нәрсені айта алам: Қаншама халықтың жүрегінен жол тауып, өнер жолының өзіндік кірпішін қалаған біздің сүйікті әншіміз Қайрат Нұртас "Халық әртісі" атағын алуға әбден лайық. Себебі талай жеткен жетістіктері мен жетіп жатқан биік шыңдары өте көп. Екінің бірі Қайрат ағаның жасында осындай жетістікке жете алмайды. Қазақстанда мынадай жетістікке жеткен Қайрат Нұртас қана. Барлығымыз Қайрат Нұртастың "Халық әртісі" атағын алған сәтті асыға күтейік. Алла жар болсын сүйікті әншімізге", - деп жазды тыңдарман әлеуметтік желіде.

Тыңдарманды Қайрат Нұртастың Қызылордада концерт беріп, сахнада жас жеткіншекке "жасай бер, денің сау болсын, бақытты бол" деген ағалық тілекпен пиджагын шешіп бергені ерекше тебірентсе керек.

Әншінің қайырымды әрекетін көрген халық қол шапалақтап, әртіске ерекше құрмет көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1100760-tynhdarman-qayrat-nurtasqa-khalyq-arti/