Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас намазға жығылуды армандайды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас бар сырын ақтара отырып, бұрын-соңды ешкім естімеген жүрек түкпіріндегі армандарын "Жан сырым" бағдарламасында айтып берді.

"Ең басты арманым, жүрегіме тезірек иман берсе екен деп тілеймін, Алла қаласа, уақыты да кеп қалған шығар, намазға жығылсам деп өзім де ниеттеніп жүрмін", - деп әнші сырын тарқатты.

"Екінші арманым, Отаныма, қазақ еліне көмегім тиіп, қол ұшын беретін мәрт жігіт болғым келеді, бұдан да үлкен, бұдан да биік мәрттік тілеймін өзіме", - деді Қайрат келесі сөзінде.

"Тағы бір арманым, жүрегіммен, өзімнің қолыммен анама көмектескім келеді, анамды ешқашан қайғыртқым келмейді, анамды мәңгі бақытты қылғым келеді", - деп жауап қатты әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1102212-qayrat-nurtas-namazgha-zhyghylatyn-uaqy/

pixel