Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серікбол Сайлаубек көзінің жоғын білдіртпеу үшін көзілдірік тағуға мәжбүр (фото)

Опубликовано:

Әнші Серікбол Сайлаубек қара түсті көзілдірік  киетіндіктен, кезінде оның Қайрат Нұртасқа еліктейтінін айтып сынағандар көп болды.

Белгілі болғандай, әнші көзілдірікті сән үшін емес, шарасыз күйге түскеніне бола тағады. Серікболдың сол жақ көзі болмағандықтан, ол қара түсті көзілдірік киюге мәжбүр. Ал әртістің оң көзі де қарауытып, мүлдем көрмейді екен.

Жағдайы төмен отбасында өскен әртіс ота жасатуға шамасы келмеген. Бірақ, бүгінде ақша тапшылығын елемейтін Серікбол Сайлаубек жұртқа тегін концерт беріп жүр.

Осы жолы әнші Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау қаласына бет алды. Аспан астында ашық өтетін кеш 16 сәуірге жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1102387-serikbol-saylaubek-kozininh-zhoghyn-bil/