Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рэп оқып, брейк билеген Ринат Зайытов жұртты таң қалдырды (видео)

Опубликовано:

Ринат Зайытов халық алдында алғаш рет рэп оқып, брейк биледі деп хабарлайды Baistars.kz.

Көрермендер ақынның рэперге айналғанына Ақылбек Жеменейдің жеке ән кешінде куә болды. Ақылбек пен Ринат концертте бұрынырақта жазылған "Соңғы хат" әнін орындады.

Ринаттың қара домбыраны қара костюм-шалбарға, ақ шапанды ақ кроссовкиге ауыстырғанын көрермендер жылы қабылдады.

Айта кетейік, бұл Ақылбек Жеменейдің алғашқы жеке концерті. Кеште Ақылбекпен бірге Тамара Асар, Мейрамбек Беспаев, Бауыржан Ретбаев, "Арай" тобы ән салды. Концерттің толық нұсқасын алдағы уақытта республикалық арналардың бірінен тамашалай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1103186-rep-oqyp-breyk-bilegen-rinat-zayytov-zh/

pixel