Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы сазгер: Жанар Дұғалованы космосқа ұшып кетсе де қабылдай алмаймын

Опубликовано:

Атышулы сазгер Қалдыбек Құрманәлі кей әріптестерін  "Сырласу" бағдарламасында аяусыз сынады.

Қалдыбектің айтуынша, әншілер мен сазгерлер әнді қазір туған-туысына арнап жазуды сәнге айналдырған. Олар қазақ тыңдарманынан гөрі туыстарының қамын көбірек ойлайды.

"Әнді жекешелендіріп алды, қазақ өнерін жекешелендіріп алды. Қарындасым, сіңлім, құдам, жекжатым, туысым деп ән жаза беретін болды қазір. Ақшасын берсең болды, жаза береді", - деп бұлқынды композитор.

Осылай дей келе, Қалдыбек Құрманәлі ақша үшін ән жазып бере салатын әріптестерінің атын атап, түсін түстеп берді.

"Бір кісі келіп, "Ермек" деген ән жазып бер деді. "Арман Дүйсенов, Арман Бексұлтан деген композиторлар бар. Соларға бар, ақша үшін бәрін жазып береді" дедім", - деп пікірін жайып салды Қалдыбек.

Әңгіме барысында композитор әншілер туралы да пікірін білдірді.

"Жанар Дұғалованы тіптен қабылдай алмаймын, космосқа ұшып кетсе де қабылдай алмаймын", - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1105505-qaldybek-qurmanali-aqsha-ushin-zhazat/

pixel