Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Айжанова қызын сұраған жігітті ұялтып тастады

Опубликовано:

Отандық бағдарламалардың бірінде әділ-қазы мүшесі болып отырған Жанар Айжанова әзіліне қызын араластырған жігіттің әрекетін ұнатпай, аяусыз сынады, деп жазады stan.kz.

Мұнымен қатар, Жанар Айжанова жігіттің қыз алғысы келсе, анасын емес, жеңгесін жағалауы керек екенін айтып өтті.

Әділ-қазы алқаларымен әзілдесемін деп аузы күйген жігіттің аты-жөні - Досболов Нұрым Есенұлы. Актерлікті КВН ойындарынан бастаған жігіт 1990 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

“Әкем атының өзі мені келесі турға өткізіп тұр ғой. Есен ағам отыр екен. Жаным, ботам, жақсы көремін өзін. Мұнымен қатар, бойдақпын. Жанар әпке қызыңызды Instagram-нан, басқасынан көріп жүрмін. Қызыңыз өзіңіз сияқты әдемі дегенім ғой. Әділ-қазы құрамында әкем бар, енді ене тауып алсам деп едім”, – деген жігіттің бірден сөзін бөлген  Жанар Айжанова, уақытын жоғалтпауға кеңес берді.

Жігіттің айтқан әзілі өтімсіз болып, әділ қазы мүшелеріне жағымпазданамын деп жақпай қалғаны бар. Сөзін тәмамдаған соң қатаң сын естіді.

“Сен сонда мына жаққа қыз іздеп келдің бе? Қазақтың салтын білсең, қыздың шешесі ешқашан жеңгетай болмайды. Шешесін көріп қызын алсаң ал, бірақ жеңгетай қылма. Ер азамат сүйіктісінің жеңгесін жағалап, сол арқылы сөз салады. Тыныш жатқан жыланның құйрығын өзің бастың. Не айтайын, Нұрым. Күнделікті естіп жүрген әзілді айттың. Адам сөйлеп жатқан кезде тыңда. Сен кімсің, мен кім?! Келе салып қызыма тиістің, анда тиістің. Духың жетсе, қызыма барып айтып көр. Өзі таэквандо өнерін меңгерген. Егер мойныңды қайырып жіберсе, обалың өзіңе. Таяғыңды жеп қайтасың. Мұнда құда түсіп, қыз саудалап немесе менімен ұрысу үшін келмеген шығарсың”, – деп жігіттің өзімен сөз таластырғанын мүлдем ұнатпаған сыңай танытты.

Қатаң сынның астында қалған жігіт сөзінің әзіл екенін айтып, кешірім сұрады. Тіпті Жанар Айжанованың қолын алуға рұқсат сұрады. Әнші де өз кезегінде жігіттің сөзіне ренжімегенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1106199-zhanar-ayzhanova-qyzyn-suraghan-zhigitti/