Рахман Омар әйелінің қас-кірпігімен мақтанды (фото)
Опубликовано:
Белгілі актер, тележүргізуші Рахман Омар "Ел аузында" бағдарламасында әйелі Ақмарал Дайрабайдың қас-кірпігін қалай қалыңдатқанын тілге тиек етті.
Актердің мәлімдемесінен соң, әлеуметтік желіде қас өсіру әдісімен қызығушылар саны күрт көбейіп, әйелі Ақмаралдың парақшасына жазылушылар саны артқан.
Бәрінің көкейіндегі сұраққа жауап берген әртістің жұбайы 2 жыл бойы қас пен кірпігіне өсімдік майын жағып, соңында еңбегінің көз қуантарлық нәтиже бергенін айтады.
Актриса Instagram парақшасында үпілмәлік майын қолданғанын да айтып өтті.
"Ел аузында" бағдарламасына мың алғыс. Атышулы қасым мен кірпігіме тоқталып өткендеріне. Әрине, бұл таза еңбек. Енді мына не ары, не бері өсіп болмайтын "балапан" шашқа бір әдіс қолданып бастадым. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" демекші, егер нәтижесі болса, міндетті түрде қуана бөлісем", - деп жазды Ақмарал Дайрабай Instagram желісінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1106278-rakhman-omar-ayelininh-qas-kirpigimen-m/