"До-Мажор" тобының әншісі қатерлі ісікпен бірнеше жыл күрескен
Опубликовано:
Осыдан біраз уақыт бұрын Сәкен Майғазиев құрған “До-Мажор” тобының экс- солисі Ермек Мұқашев қатерлі ісік ауруымен күресіп, үш жылдық үзілістен кейін өнерге қайта оралды.
Өнерге ғана емес, өмірге қайта оралған әнші жігі тбірнеше жыл қатарынан тамағына түскен қатерлі ісіктен емделген.
“До-Мажор тобы бөлінер кезде, қатерлі ісік ауруына шалдықтым. Ұзақ уақыт гастрөлдік сапарда жүріп, байқамай да қалыппын. 4-5 айдың ішінде асқындырып та үлгердім. Қаламыздағы қай емхана екенін айтпай-ақ қояйын. Сол емханаға бір апта уақыт қаралдым. Менен барлық анализді алса да, диагноз қоя алмады. Соңында операция жасайтын болды. Жаман жағдай болып қалса, өздерінің жауап бере алмайтындарын айтып, құжатқа қол қойдырды”, – дейді Ермек Мұқашев “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.
Емханаларға барып әбден табан тоздырған Ермек өмірден күдерін үзе бастаған шақта Франциядан келген қарияға жолығады.
“Бірінші Алланың арқасы, екінші осы кісі себепкер болды. Алты айдың ішінде емдеп жазды. Айтқандарын бұлжытпай орындап отырдым”, – деп әнші осы уақыт ішінде отбасына көңіл бөле алмағанын өкінішпен еске алды.
Ермек өмірге құлшыныспен қайта оралып, өнерде “дүмпу” жасау ниетімен “Арман айым” атты әніне жаңа бейнебаян түсірген. Мұнымен қатар, көптеген ән жаздырып, олардың қайсысына бейнебаян түсіретінін жоспарлап қойған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1106334-mazhor-tobynynh-anshisi-qaterli-isikp/