Ләйлә Сұлтанқызы күтпеген жерден бір айлық сәбиді қырқынан шығарды (фото)

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өмірінде тұңғыш рет сәбиді қырқынан қалай шығарғанын оқырмандарына баяндап берді.

"Қарағандылық Күнсұлу екі ұлдан соң аяғы ауыр болғанда, қыз болса екен деп армандайды. "Әйел бақытын" қазақша нашар түсінсе де, арасында көріп жүретінмін дейді. Қыз бала болса атын Ләйлә қоямын және қырқынан шығаруға мені шақырамын деп өзіне серт берген екен", - деп жазады тележүргізуші.

"Содан бір отырыста менің пысық Жанна көршіммен дастарқандас болып, өтінішін айтады. Арада тоғыз ай өткеннен қыз бала дүниеге келеді. Әжесінің түсіне аянмен келген Зейнеп деген атты қойып, қырық күннен кейін арнайы шақалағымен сонау Қарағандыдан Астанаға келеді", - деп жалғастырды оқиға желісін Сұлтанқызы.

"Бүгін өмірімде бірінші рет бөпені қырқынан шығардым. Жуындырдық, тырнағын, шашын алдық. Зейнептің ғұмыр жасы ұзақ болсын деп, іштей маған да бір ару қыз бұйырсын деп тіледім. Қариялар қазынамыз деген рас", - деді тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1107643-layla-sultanqyzy-kutpegen-zherden-bir/