Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева: Сәбит екеуіміз бір бағытта қарай алмадық

Опубликовано:

Қазақ өнерінде өзіндік өрнегі қалыптасқан актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева "Аналар" бағдарламасында өмірінің кей сәтінен сыр шертті.

Жас кезінде сыйластықты сезім деп түсінген Айгүл Иманбаева сол кездері шалыс басқанын жасырмайды. Алайда, сағы сынбай, өмірде талай шыңды бағындыруында анасының еңбегі көп екенін әр сөзінде жиі айтады.

Әншінің ұлы Асылжанды  әжесі кішкентайынан бауырына басып, Айгүлге шығармашылық жолын жалғастыруына демеу болады.

"Мен тірі тұрғанда, қарама артыңа, жұмысыңа кір, істе, бар жағдайыңды жаса", - деген ана сөздері актрисаға күш береді.

Ал туған әкесі жайлы Айгүл Иманбаева  ұлына көп уақыт тіс жармаған. Тек алыс жолға шыққанда ғана ішкі сырды ақтарудың сәті түскен.

"Анам екеуіміз пойызбен Астанаға шықтық. Сол кезде мамам куәлігімді берді. "Сенің Сәбит деген әкең бар" деп айтты", - деп еске алады ұлы Асылжан.

Сөз арасында Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуіне еш өкпе артпайтынын әңгімеледі.

"Сәбит пен Алтынайдың төрт қызын жақсы көрем. Оның ішінде Симанұрын тіпті, жақсы көрем, жасыра алмаймын. Өмірдің қысқа екенін адам сезіну керек. Мәңгілік емес екенін де сезіну керек. Ал күндесіп, айғайласып, алысып-жұлысып жүргеннен не пайда, бір күн болмасын біреу кетеді де қалады", - деді Иманбаева.

Актриса Сәбит екеуінің екі жаққа кетуіне қос өнер өкілінің өмірге деген көзқарастары екі бөлек екендігімен түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1107895-aygul-imanbaeva-sabit-ekeuimiz-bir-ba/