Әли Оқапов Ерболат Беделханды ұстазым деп ұлықтады (фото, видео)

Опубликовано:

Әли Оқапов "Жаным, сәлем" деп аталатын жаңа бейнебаяны туралы айта отырып, ұстазы Ерболат Беделханға алғысын білдірді, деп жазады Comode.kz.

Әншінің жаңа туындысына "Орда" тобының солисі, "91" тобына қатысты басы дауға қалған продюсер Ерболат Беделхан, танымал әнші Мақпал Исабекова түскен.

"Бейнебаяндағы ерекше сәттердің бірі досым әрі ұстазым Ерболат Беделанның қатысуы болды. Ерболат мені 16 жасымда биге баулыған еді. Міне, клиптегі көріністе де ол менің қимылымды бағалап, төреші болды. Бірақ, бейнебаянда ол менің жеңісімнен гөрі, Юлияның жеңгенін қалады", - деді Оқапов әңгімесінде.

Бұған қоса, Әли бейнебаянның бас кейіпкері, кәріс қызына деген "сезімін" сипаттап берді.

"Біз бишінің бір күндік өмірін көрсеткіміз келді. Юляны бұрын білмейтін ем, оның клипке қатысуына хореграф Андрей Хван қолқа салды. Юля түсірілім кезінде еш қыңырлық таныптай, би қимылдарын бірден игеріп алды", - дейді Әли.

Сценарий желісі бойынша қос бишінің арасында сезім ұшқыны бірден тұтанып, үнді фильмі секілді екі жас бір көргеннен ынтызар болады.

Юлия Ким – Pride тобының солисі, хореограф, сәулетші әрі дизайнер маманы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1109156-ali-oqapov-erbolat-bedelkhandy-ustazy/