Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваға сырға салынды (фото)

Опубликовано:

Қазақтың ұлттық өнерін әлемге танытып жүрген қобызшы бойжеткен Ақерке Тәжібаева жақында тұрмысқа шықпақшы.

Бұл туралы қобызшы бойжеткен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабардар етті.

Ол тыңдармандарына "Мен иә дедім", деп қолындағы жүзігін көрсетіп, қуанышымен бөлісті.

Ал Ақеркенің достары сырға салу рәсіміндегі фотолармен бөлісіп, оған деген ақ тілектерін жаудыруда.

Әнші Қайрат Нұртастың бөлесі, қобызшы Ақерке Тәжібаваның ұзату тойы 28 сәуірде болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1109897-qobyzshy-aqerke-tazhibaevagha-syrgha-sal/