Мақпал Жүнісованың қысқа көйлегі жұртқа жақпай қалды (фото)
Опубликовано:
Мақпал Жүнісова әрдайым қатаң ұстанатын қағидасына өзгеріс енгізіп, қысқа етекті көйлек кигені үшін жұрттың сынына ұшырады.
Халық әртісінің стиліндегі жаңашылдықты байқаған оқырман әншінің бұл шешімін жақтырмай қалды.
“Жарасып-ақ тұр. Бірақ сізді имандылықтың үлгісі деп келгенбіз” деп пікір қалдырғандар әншінің кең етекті, ұзын көйлекпен жүретініне көзі үйренгенін аңғартты.
Алайда кейбір оқырмандар әншінің стилін ұнатып, көйлегінің жарасып тұрғанын айтты. Енді біреулері Мақпалдың бұдан былай қысқа кимеуін өтінген.
Оқырмандардың сыни пікірін оқыған Халық әртісі біраз уақыттан соң, суретін парақшасынан алып тастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1112308-maqpal-zhunisovanynh-qysqa-koylegi-zhur/